Корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік
BI Азамат

Қазақстанда 2016 жылы «Құрметті азамат» әлеуметтік жобасы басталды. Бүкілхалықтық дауыс беру барысында қазақстандықтар, бұл атаққа лайықты - өнегелі өмір жолдары өскелең ұрпаққа үлгі болып табылатын бұл азаматтарға дауыс беріп, таңдауларын жасады. Конкурстың екі жеңімпазы Астанадағы «Арнау» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтерді сыйға алды.

BI Group құрылыс холдингі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның құрметті азаматы» атты жобасын ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты - қазақстандықтардың қандай да бір жетістігін немесе күнделікті жасаған еңбегін басқаларға үлгі етіп көрсету. Қатысушылар еліміздің түрлі өңірлерінен, мамандықтары басқа және жас ерекшеліктері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оларды бірнеше жылдар бойы жасаған игі істері біріктіреді.

Жоба төрт кезеңнен тұрды: 1) жоба сайтына сауалнама енгізу арқылы номинанттарды іріктеу www.bi-azamat.kz 2) сайтқа жіберілген кандидатуралардың ішінен сараптамалық кеңес 10 финалистті таңдап алды; 3) номинанттар 2016 жылғы 5-25 желтоқсан аралығында ашық дауыс беруге шығарылды: жоба көшбасшысы жалпы интернет-дауыс беру нәтижесінде анықталды және оның есімдері 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланды.; 4) нәтижесінде финалға екі номинант шықты, оларға сыйлық ретінде Астана қаласынан екі бөлмелі екі пәтер берілді – бұл қайырымдылық жасаушы және көп балалы әке Мұрат Қабылбаев және белгілі қоғам қайраткері Марина Чейшвили.