Корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік
BI Sport Club

Холдинг спортқа және қызметкерлерінің спорттық жетістіктеріне ерекше көңіл бөледі. Біз жыл сайын Almaty Marathon, BI Marathon, Astana Marathon марафондарына белсенді түрде қатысамыз. 2016 жылы біз бірінші BI Marathon қайырымдылық марафонын өткіздік. Бүгін компанияда 240 марафоншы және 24 Ironman, яғни триатлет бар. Компания көшбасшысы Айдын Рахымбаев Қазақстан тарихында алғаш рет Гавайядағы IRONMAN Kona әлем чемпионатына қатысып, еліміздің туын желбіретті.


BI Марафон – бұл жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде Астанада өткізілетін халықаралық спорттық жарыс. Одан түскен барлық қаражат сал ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсететін «Жұлдызай» қорына жіберіледі, сондықтан бұл спорттық іс-шара еліміздегі жалғыз және толық қайырымдылық марафоны болып табылады. Қатысушылардың арқасында БЦП синдромы бар балаларды емдеу үшін қажетті жабдықтар сатып алынды


BI МАРАФОН МАҚСАТТАРЫ

• Салауатты өмір салтын насихаттау;
• Барша адамдарды дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға тарту;
• Бұқаралық спортты дамыту;
• Талантты жас спортшыларға қолдау көрсету;
• Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау және дамыту;
• Республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларды қолдау.