08 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
Тәуелсіздік күні қарсаңында 177 астаналық пәтер кілтіне ие болды
фывфыв

Құрылыс бір орында тұрмайды, үздіксіз дамып, қолданысқа жаңа материалдар келуде. Алайда, көптеген тұрғындар біздің солтүстік климат үшін «кірпіштен жақсы ештеңе жоқ» деп санайды. Бұл – «Арнау» тұрғын үй кешенің бір артықшылығы, өйткені үй кірпіштен қаланған.

Балкон терезелері енді жалғыз емес, яғни құрышпен қапталған шынысы да бар, соққыға төзімді. Ал терезе орындары 150-ден 180 сантиметрге дейін ұлғайтылған, енді бөлмелерге күн сәулесі мол түседі.
Алмас, жаңа пәтер иесі:
- Компания үнемі даму үстінде. 2015 жылы біз «Арнау-3» тұрғын үй кешенінен пәтер алдық, міне енді кеңірек пәтер іздеп, осы үйден алып отырмыз.
Ақмарал Тұрсынбекова:
- Неге Арнау? Себебі, үй кірпіштен қаланған, орналасқан жері ұнады, тыныш әрі таза.
Айтпақшы, компаниядан дайын пәтерге тапсырыс беруге ниет білдірушілер саны артып келеді. Жоспар бойынша 17 пәтер болуы керек еді, бірақ нәтижесінде 24-ке тапсырыс берілді. 2019 жылы «Арнаудың» 5 және 8 блогын және осы үйлерді біріктіретін скверді тапсыру жоспарланған.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар