30 АВГУСТА / 18 BI Development
Конституция күні 98 астаналық тұрғын пәтер кілтіне ие болды⠀
фывфыв

Конституция күні 98 астаналық тұрғын пәтер кілтіне ие болды⠀
«Времена года» тұрғын үй кешенінің әр «мезгілінің» өз ерекшеліктері бар. «Жаз» блогынан біз 12 ерекшелікті және бір ғана кемшілікті таптық.⠀
1. Бұл жерде асфальттың орнына, кеспе тастар төселген. Есесіне, асфальтқа қарағанда оның беті жарылмайды. Жинап, қайта төсеуге болады.⠀
2. Мұнда жиектастар қойылмаған. Бұл әсіресе, бала арбасы бар аналар, велосипедшілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өте ыңғайлы.⠀
3. Кәдімгі трансформаторлық станциясы енді АРТ-объектіге айналған, яғни оның бетінде қазіргі және ретро кейіпкерлердің суреті бейнеленген.⠀
4. Үй ауласына 20 шырша, 120 қарақат бұтасы отырығызылды.⠀
5. Балалар алаңындағы жер төсеміне су жиналмас үшін, су ағатын тесік жасалған.⠀
6. Үй комфорт-санатты, бірақ оңтүстік кореялық Silver лифтілері қойылған.⠀
7. Үйдің шығаберісі өздігінен жылытылады. Қыста оның мұзын жарудың қажеті жоқ, «қапыда құлап кетем» деп алаңдамайсыз.⠀
8. Гүлзарлар ұзаққа шыдамды бетоннан жасалған.⠀
9. Өртке қарсы есіктер түтінденбейтін дәлізде өртке 60 минут бойы төтеп бере алады.⠀
10. Домофондар тамбурға қойылған, енді адамдар жаңбыр-суық күндері далада күтіп қалмайды.⠀
11. Пошта жәшіктерінен бөлек мұнда макуратура жәшігі де бар.⠀
12. Жолдың ар жағында Ботаникалық саябақ бар, 98 пәтердің бір бөлігі оның керемет көрінісін күнде тамашалай алады.⠀
Біз осылайша 12 ерекшелікті таптық, ал жаңа пәтер иелері оны 15-ке жеткізді.⠀
Ерлан:⠀
— Жоғары сапа және сенімді компания.⠀
Анара:⠀
— Орналасқан жері. Біздің мектеп және мектепке дейінгі жастағы үш баламыз бар. Бұл жерде балабақша және қазақ тілінде оқытатын N 76 мектеп бар.⠀
Жоғарыда айтқан бір ғана кемшілік, F блогында пәтерлер қалмаған, бәрі сатылып кеткен. Десе де кешеннің басқа да блоктары салынып жатыр.⠀

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар