31 МАРТА / 18 BI Development
«Армандар орындалатын қалада» ашық есік күні өтті
На казахском

Ауа-райының күрт суып кеткеніне қарамастан, құрылысы жүріп жатқан Dream City тұрғын үй кешенінің ашық есік күніне көп адам жиналды. Болашақ тұрғындармен бірге, жаңа пәтер іздеп жүрген клиенттер де келді.

​Биіктігі 3 метр төбе, үлкен терезелер, витражды фасад, ал оның орналасқан жері қандай! Оның жанында Ботаникалық бақ, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Мега» ойын сауық орталығы. Пәтер іздеп жүргендердің көбі көргендерінен риза болса, ал осы үйдің болашақ тұрғындары дұрыс таңдау жасағанына тағы бір көздерін жеткізді.

Лариса:

Бүгін нарықта сенімсіз құрылыс салушы компаниялар көп, әрине уайымдайсың. Бақытымызға орай, сенімді компаниялар да бар. Менің балаларым құрылысы жақын арада бітетін «Лайт Хауста» тұратын болады, ал біз, орналасқан жері ұнағандықтан «Дрим Ситиді» таңдадық. Пәтеріміздің терезелері үлкен, ал төбесі биік болғаны бізге ұнады.

Еркін Шарипович:

Балаларымыз «Арман Қалада» тұрады, немерелерімізге жиі барып тұрғымыз келеді, сондықтан пәтерді оларға жақын жерден алдық. Есімде, бұрын бұл жер жазық дала болатын, BI Group-тың арқасында енді бұл дамыған аудан. Қазіргі үйіміз ескі емес, бірақ бұл аудан ұнайды.
 

Dream City «Арман Қала» шағын ауданын аяқтайтын тұрғын үй кешен. Бұл ашық витраждары, ауласының ландшафтты дизайны бар сөзсіз әдемі кешен болатынына және тұрғындардың көңілінен шығатынына сенімдімін, дейді инженер Рашид Молдабаев.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар