01 МАРТА / 18 BI Development
Астанада Алғыс айту күні зейнеткерлерге арналған жаңа орталық ашылды
На казахском

Астанада Алғыс айту күні зейнеткерлерге арналған жаңа орталық ашылды. Оның ашылуына BI Group компаниясы да қол ұшын берді.

Кейбір қарияларымыз кейде өздерін ешкімге керексіз болып қалғандай сезінеді. Әрине, бала-шаға өз жұмыстарымен кетіп қалады, дос-жаран да жиі хабарласа бермейді, төрт қабырғаға қамалып отыруға мәжбүр болады.

Алайда қаламызда ата-әжелерімізге арналған орталықтардың ашылуымен жағдай өзгере бастады. Осымен осындай он тоғызыншы орталық 1-наурыз күні «Тұрсын Астана» тұрғын үй кешенінде ашылды.

Бұл үйде бірнеше еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер тұрады. Бұрын олар үйде отырып, бір-бірін танымайтын, ал қазір орталық ашылғалы бірге шашка, шахмат ойнауға, мәдени іс-шаралар өткізуге жиналатын болды, дейді «Алматы» ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Дюсембекович Байболов.

Бір қызығы, балаларды дамыту орталығы да осы жерде. Үлкендердің өсиеті өскелең ұрпаққа өнеге болатыны сөзсіз.

Бұл орталықтың ашылу рәсімін Алғыс айту күніне орай өткізу де бекерден-бекер емес. Келген қонақтар орталықтың жөндеу жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаевқа, BI Development басқармасының төрағасы Амангельды Омаровқа алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде, коммерциялық бөлім маманы Мадиар Жалбинов еліміздің өркендеуіне, жас ұрпақтың тәрбиесіне үлестерін қосып жатқанына, белсенді өмірлік ұстанымдары үшін ардагерлерге алғысын білдірді.

Ал балалар болса, ата-әжелеріне керемет концерт ұйымдастырды, мерекелік дастархан да жайылды

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар