09 АПРЕЛЯ / 18 BI Development
BI GROUP эскизді жобалардың алғашқы халықаралық конкурсын іске қосты
На казахском

2018 жылдың 4-сәуірінде жас сәулетшілерге арналған BI GROUP ARCHITECT AWARDS атты инновациялық сәулеттік шешімдердің халықаралық конкурсына тіркелу басталды.

Конкурс мақсаты – Қазақстан Республикасы территориясындағы өткір әлеуметтік мәселелерді шешу үшін заманауи сәулеттік және инженерлік шешімдерді, сондай-ақ инновациялық технологияларды қолдана отырып, ғимараттың концепциясын дайындау. Бұл мысалы, білім, денсаулық сақтау немесе мәдениет және спорт саласындағы объектілер болуы мүмкін.

• Конкурсқа жас сәулетшілер, жоғарғы оқу орындарының түлектері, сәулет, құрылыс, жобалаушы және осы салаға жақын шығармашылық мамандықтарда оқып жатқандар қатыса алады;

• Өтінімдерді жіберу үшін www.bi-architectawards.com сайты арқылы алдын ала тіркелу керек. Қатысу тек ұйымдастырушының немесе жоба операторының жауап хатымен расталады;

• Сіздің қандай елден болғаныңыз маңызды емес, біз өтінімдерді әлемнің түкпір-түкпірінен қарастырамыз;

• Конкурстық жұмыстар 2018 жылдың 4-сәуірі мен 7-мамыр аралығында қабылданады,

Сіз BI GROUP ARCHITECT AWARDS конкурсына қатысқаннан қандай пайда аласыз?

1. Бұл әсіресе жас сәулетшілер үшін тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, өзін-өзі шыңдауға тамаша мүмкіндік.

2. Сіз $5000, $10 000, $15 000 көлемінде ақшалай сертификат ұтып ала аласыз, профильді курстан өтуге мүмкіндік беріледі, сондай-ақ BI Group құрылыс холдингінен жобаға тапсырыс алуыңыз әбден мүмкін.

Жеңімпаздарды кәсіби қазылар алқасы анықтайды, олардың құрамында танымал сәулетшілер мен жобалаушылар болады. Толығырақ ақпарат алу үшін www.bi-architectawards.com сайтына өтіңіз, BI GROUP ARCHITECT AWARDS ережелері мен шарттарымен мұқият танысыңыз.

Сайт: www.bi-architectawards.com

Facebook: BI Group Architect Awards

Telegram: @bigroupawards

Instagram: @bigroupawards

Достарыңызды, әріптестеріңізді, барлық таныстарыңызды белгілеңіз.

Great minds build together. Конкурсқа қатыс та, үздік екеніңді дәлелде!

#biarchitectawards

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар