21 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Development
BI Group Родинаның «Родинасын» жеңіп, екінші орынға тұрақтады
На казахском

Осы демалыс күндері BI Group пен «Родина» хоккей клубтары арасында болған матч Астана әуесқой хоккей лигасы маусымының ең қызықты әрі тартысты ойыны болды. 

 Жексенбіде «Родина» командасының шақыртуымен біздің команда қаладан 80 км жердегі Родина ауылына аттанды. Тартысты ойын біздің команданың пайдасына 5:3 есебімен шешілді. Қазір біздің хоккей құрамасы чемпионат көшбасшысы Sparta командасынан 1 ұпай артта қалып, екінші орынға табан тіреді.
«Родина» чемпионат көшбасшысы болғанына қарамастан, біздікілер қарсылас команданың алаңында ойнауға келісті. Трибуна «Родинаның» жанкүйеріне лық толы болды, олардың өз командаларына көрсеткен қолдаулары да күштірек болды, десе де құрылысшылар намысты қолдан бермеді.
Шабуылшы Алмат Исмагулов: «Ойын керемет өтті. Біз бұған ұзақ дайындалдық, командамен ойнауға көп көңіл бөлдік, менің ойымша бұл біздің жеңісіміздің құпиясы»

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар