19 МАРТА / 18 BI Development
Болашақ шахматшылардың үйі
На казахском

Болашақ шахматшылардың үйі
Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында 166 отбасы су жаңа пәтерлеріне ие болды.
Заман талабына сай жүретін, бәріне шығармашылық көзқараспен қарайтын адамдардың талғамына сай – Green Park тұрғын үй кешені қоныстойын дүркіретіп атап өтті.
Кешен дизайны, аты айтып тұрғандай «Green» стилінде орындалған, кіреберістер жапырақ, гүл макеттерімен безендірілген. Үй ауласында балалар және спорт алаңдарынан бөлек, үлкен шахмат алаңы да бар. Бәлкім, осы үйден Динара Сәдуақасова мен Жансая Абдумаликтің ізбасарлары шығатын болса, таң қалмассыз!
Жоба жетекшісі Нұрлан Кабиев, үй эконом санатты болғанымен, мұнда комфорт санаттың барлық белгілері бар екенін айтып өтті. 54 орынды кең паркинг, өтпелі кіреберістер, лифтілердің ерекше дизайны және т.б.
Кешен елордамыздың таңдаулы ауданында орналасқан – жақын жерде «Зеленый квартал» және «Хан Шатыр» ойын сауық орталығы. Үйден бірер қадам жерде бірнеше мектеп, балабақша, супермаркет, автобус аялдамасы орналасқан.
BI Group үй құрылысын ПСК «Клен» компаниясымен бірге жүргізді. Бұл осымен екі компанияның 6 жылда бірлесіп жасаған сегізінші жобасы. Қос компания жетекшілері Амангельды Омаров және Франц Вольский тұрғындарды Green Park тұрғын үй кешенін таңдағаны үшін және біздің құрылысшыларға сенім білдіргені үшін алғыстарын білдірді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар