24 МАЯ / 18 BI Development
Голливудтық «Суперотбасы – 2» мультфильмі қазақ тілінде сөйлейтін болады
фывфыв

Бұл мультфильмді қазақ тіліне дубляждау демеушісі BI Group компаниясы болды.

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды.

«Өз қазақ тіліміздің мәртебесін арттырып, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған бұл «Өзіңнен баста» жобасы - бірінші кезекте балаларға, жастарға арналған.

Тілейтініміз – қазақ тіліне дыбысталған кинолардың жас көрермендері көбейсе екен дейміз. Егер жоба сенімін ақтап, бүгінгі жас ұрпақ қазақ тілінде еркін сөйлеп, құрметпен қарайтындай дәрежеге жетсе, бұл біздің ел алдындағы бір парызымыздың ақталғандығы деп білемін. Шетелдік фильмдерді қазақ тілінде сөйлетіп жүрген «Болашақ» қауымдастығының алдағы жұмыстарына BI Group ұжымының атынан сәттілік тілеймін! - деді BI Development компаниясы төрағасының қаржы бойынша орынбасары Қайрат Шаяхметов.

Айта кетейік қазақ тіліне дубляждалған «Суперотбасы-2» мульфильмінің премьерасы осы жылдың 14-маусымында болады. Сүйікті мультфильмдерді қазақша тамашалайық!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар