16 МАЯ / 18 BI Development
«Номад» тұрғын үй кешенінде қарияларға арналған орталық ашылды
На казахском

«Номад» тұрғын үй кешенінде аға буын өкілдері аудандағы қарт адамдарға арналған шағын-орталықтың ашылуына куә болдық.

Бұл мерекелік оқиғаның ұйымдастырушылары «Есіл» ауданы әкімінің аппараты және «Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесі болып табылады. Шағын орталықтың ашылуына BI Group құрылыс холдингі демеушілік көрсетті. Айта кету керек, үй-жай толық жиһаз және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Шағын-орталықтың ашылу салтанатында «Есіл» ауданының орынбасары Арайлым Елімсарина қонақтарды Ардагерлер кеңесінің тарихында орын алған елеулі оқиғамен құттықтап, демеушілерге көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ аға буынға «Астана ЖилСервис НС» ЖШС-нің директоры Салтанат Кездікпаева мен қызмет көрсету сапасы жөніндегі менеджер Марлен Сүйіншалиев құттықтау сөздерін айтты. Кейін мерекенің ұйымдастырушылары шағын-орталыққа естелік сыйлықтар тарту етті, бұл – шай сервизі, шахмат, домино және үлкен заманауи әдебиет ассортименті.

Ендігі уақыттан бастап, бұл шағын орталықта қарт адамдар өздерінің бос уақыттарын өткізіп, баспа басылымдарын оқып, шахмат пен дойбы ойнап немесе бір пиала шай ішіп, кездесулеріне болады.

Бұл іс-шара Ұлы Отан соғыстағы Жеңістің 73-жылдығына орайластырылды.

Ақпарат Есіл ауданы әкімінің аппаратының әлеуметтік желісінен алынды

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар