22 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Construction & Engineering
Петропавлдағы IT-орталық 2018 жылдың күзінде ашылады
фывфыв


Петропавлдағы IT-орталық 2018 жылдың күзінде ашылады

Оның құрылысымен BI Civil Construction дивизионы айналысады. Жоба жетекшісі Жомарт Қарсақбаевтың айтуы бойынша, ғимараттың жалпы көлемі 15 000 шаршы метр.

«Құрылыс 2017 жылдың соңында басталды. Содан бері біздің жұмыста еш үзіліс болған емес. Жұмыс күні таңғы сегізден кешкі сегізге дейін. Қажет болған жағдайда демалыс күндері де жасаймыз. Құрылысқа Алматы, Астана, Өскемен, Теміртау және Петропавлда өндірілген құрылыс материалдарын қолданамыз», - дейді жоба жетекшісі.

Қазіргі уақытта объектіде 130 адам жұмыс жасайды.

Солтүстік Қазақстандағы салынып жатқан бұл ғимаратты Оқушылар сарайы деп атау қиын. Неге? Бұл сұраққа BI Construction маркетинг бөлімінің бастығы Гүлмира Нашкенова жауап берді:

«Орталықта көптеген қызықты мультимедиялық техникамен жабдықталған: кәсіби киностудия және дыбыс жазу студиясы, коворкинг, әр түрлі өнеркәсіптік үлгілерді басып шығаратын 3D-принтер. Сонымен қатар, балалар мен студенттердің ауыл шаруашылығына қолданылатын дрондарды құрастыратын мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ онда ғылыми-танымдық тәжірибелер жасауға арналған бөлме, ең кішкентай балалар үшін анимация студиясы болады және қазіргі талапқа сай жақсы жабдықталған химия, биология, физика кабинеті бар. Сондықтан да бұл ғимаратты мультимедиялық және инновациялық орталық немесе IT-орталық деп айтса артық айтқандық емес».

Бұл Петропавл қаласы үшін заманауи технологиялармен жабдықталған заманауи және үлкен конференц-зал. Мұндай IT-технологиялық орталық әлі Қазақстанның бірде-бір қаласында жоқ. Ол жастардың тәжірибе алмасып, білімдерін одар әрі жетілдіруге септігін тигізетін орта болатыны сөзсіз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар