06 ДЕКАБРЯ / 17 BI Development
Қазақтың 200-ден астам әншісін киіндірген сәнгер
На казахском

Ханым Абдрасулова-гуль Айдашевна – 200-ден астам қазақстандық эстрада жұлдыздарының, олардың арасында Роза Бағланова, Майра Мұхамедқызы, Роза Рымбаева сынды танымал тұлғаларға арнап костюм тігіп, сахналық образын жасаған тұңғыш сәнгерлердің бірі.

Оның көркемсурет өнерін таңдауына ақын Фариза Оңғарсыновамен болған кездесуі, әсіресе өлеңдері ерекше әсер етсе керек. Көркемсурет училищесінде оқып жүргенінде оның жұмыстарын жоғары бағалаған Ресей сарапшылары оған театрда жұмыс істеуге ұсыныс береді. Осылайша ол күрделі тарихи костюмдердің пішушісі болады.

Дегенмен, көп ұзамай ол өзінің Сән үйін ашуды шешеді. Сол уақыттары Мәдина Ералиева, Роза Рымбаева, Бағдат Самединова, «АБК» тобына және көптеген эстрада жұлдыздарының сахналық костюмдерін тігеді.

2002 жылы Астанаға келіп, археология және этнология магистратурасына оқуға түседі. 2006 жылы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болады.

Алғашқы баспанасы қазақтелеком үйі болатын, кейін Юго-Востоктағы коттедж. BI Group-тың BI Village жобасын бастағанын естігенде, ол өзінің іздегенін үйін табады.

«Маған ауласында иті бар, биік дуалдармен қоршалған үйде емес, мен әрдайым серуендеу үшін саяжолдары, таза ауласы бар ұқыпты қалашықта тұрғым келеді. Десе де шетелде жиі болатын ол Лондон, Барселона сәулетіне сүйсінетін. Неге Астанада осындай үйлерді салмайды, деп күрсінетін сол кезде.

Көп ұзамай Қабанбай батыр даңғылында «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады. Бұл оның көптен армандаған үйі болды.

��a��1

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар