22 СЕНТЯБРЯ / 18 BI Development
Астанадағы «Нью-Йорктың» бір бөлшегі⠀
фывфыв

Астанадағы «Нью-Йорктың» бір бөлшегі⠀
Кеше елордамызда Park Avenue тұрғын үй кешенінің 3-4-блогын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, үй қаламыздың ең табиғи-көрікті жерлерінің бірі Ботаникалық саябақтың дәл жанында орналасқан.⠀ Айта кету керек, кіреберістерді әрлеуде мәрмәр, ағаш, төзімді сылақ қолданылып, бейнебақылау орнатылған. Қабырғаларға картиналар ілінген. Бұл компаниядан бірінші рет пәтер алып отырған клиенттер үшін күтпеген қуанышты жаңалық болды! Сондай-ақ, жаңа блокта қойма орындары да бар, енді пәтердегі артық заттарды қоятын жер бар.⠀ Мерекеде арнайы фотозона ұйымдастырылды, балаларға арналған аниматорлар, сондай-ақ дәмге толы дастархан да жайылды. Бұл күні ауа-райы жел әрі жаңбырлы болғанымен, бұл тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйлеріне еш кедергі келтірмеді.⠀
— Маған бәрі ұнады. Үлкен балалар алаңы. Көліктерден қоршалған жабық аула., — дейді Гүлжан, ол жаңа қонысын тойлауға жұбайымен, апасымен және балаларымен келіпті. — Алаңда үлкен ағаштар отырғызған, мен бұл көшеттердің өскенін ұзақ күтеміз деп ойлап едім, ал мұнда биік шыршалар. Керемет!⠀
Сондай-ақ, тұрғындарды ақылды үй-видеодомофондар мен паркингтегі азық-түлік арбалары да бей-жай қалдырмады. Енді дүкеннен келген соң ауыр сөмкені пәтерге дейін тасудың қажеті жоқ, арбаны пайдалануға болады.⠀
Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар