14 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
Қарияларға арналған тағы бір орталық жұмысын бастады
фывфыв

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Akbulak Town» тұрғын үй кешенінде қарияларға арналған мәдени-демалыс орталығы ашылды. 

«АстанаЖилСервис НС» басқарушы компаниясының қолдауымен құрылған орталық зейнеткерлер мен ардагерлердің бас қосатын орны болмақ. Оның ашылуына қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдері келді. 

«...Біз қарияларымызды назардан тыс қалдырмаймыз», дейді объектінің менеджері Құралай Үмбетова. Ақ дастархан басында ата-әжелеріміз басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып, бірге ән шырқады, алдағы кездесулер жайында айтты.

Айта кетейік, бұл «АЖС НС» үшін үшінші орталық. Ал жалпы BI Group үйлерінде қарияларға арналған 8 орталық жұмыс істейді! Қариясы бар үйдің – қазынасы бар!


    Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
    Тегтер:
    Әрі қарай
    Барлық жаңалықтар