06 СЕНТЯБРЯ / 18 BI Development
Қазақстанның «темір адамдары» Италия биігін бағындырмақ!
фывфыв

Қазақстанның «темір адамдары» Италия биігін бағындырмақ!
13-26 тамыз аралығында BI Group-тың «темір адамдары» Бурабай кентінде екі апталық дайындықты аяқтады. Айта кетейік, олар Италияның Червия қаласында өтетін Ironman-2018 маңызды жарысына дайындалуда. Оларды алда толық «темір қашықтық» күтір тұр, яғни 4 км жүзу, 180 км велокезең және 42 км жүгіру. Бұл жарысқа жолдама алу үшін спортшыларға Астанада триатлон спорт түрінен өткен IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысының қатаң іріктеуінен өтуге тура келді.
Қатысқан 30 қызметкердің ішінен бесеуі ғана жолдама алды, олар ең үздік нәтижелердің бірін көрсеткен: Арман Лесбеков, Жалғас Нұрмұханов, Дияс Дюсебеков, Наурыз Серкебаева, Динара Сапабекова және Қуаныш Әубәкіров.
Қуаныш Оңтүстік Африка Республикасында өтетін IRONMAN-ға жолдама жеңіп алды әрі Қазақстаннан баратын үш қатысушының бірі болды.
BI Group командасының триатлоннан жаттықтырушысы Ержан Жапаров Бурабайдағы жаттығулардың қаладағы жаттығудан айырмашылығы туралы айтып берді:
- Дәстүр бойынша Бурабайдағы дайындық – Италияда өтетін IRONMAN алдындағы дайындықтың соңғы кезеңі. Бурабайдың таулы жері жаттығу үшін өте ыңғайлы, өйткені Италиядағы трассалар да таулы жерлер арқылы өтеді. Сондай-ақ, мұнда су айдыны бар, бұл триатлонның барлық кезеңіне дайындалуға мүмкіндік береді. Астанада әрбір адамдар жұмыстан босай алмай, жаттығуға толық кірісе бермейді. Ал бұл жерде еш алаңсыз жаттыға алады.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері Жалғас Нұрмұханов екінші жыл қатарынан триатлонға дайындалуда:
- Таң жаттығудан, жүгіруден, велосипед тебуден басталады. Бұл арқылы нәтижелерімізді айтарлықтай жақсарттық, өйткені мұнда біз бар күшімізді жаттығуға жұмсаймыз және дұрыс тамақтану, қатаң ұйқы режимі де бар.
Наурыз Серкебаева Бурабайдағы жаттығудың тиімділігін, жеке нәтижесіне оң әсер еткенін айтты:
- Мен спорттық нәтижелерімнің айтарлықтай жақсарғанын байқадым. Біздің кейбір қателіктерімізді түзеп, бағыт берген жаттықтырушымыз Ержанға рахметімді айтамын. Барлық команда Италиядағы жарысты тағатсыздана күтуде, өйткені біз оған бір жыл дайындалдық, ал бірі екі жыл.
- Жарыс 18 күннен кейін өтеді, спортшыларға сәттілік тілейміз! Ал «темір адамдарымыздың» бірі Қуаныш Әубәкіров Оңтүстік Африка республикасында өткен IRONMAN 70.3 WorldChampionship 2018 ең қиын жарыстарының бірін аяқтап, жақсы нәтиже көрсетті. Қуанышты құттықтаймыз және Қазақстанға аман-есен оралуын тілейміз!


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар