26 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
Esil Riverside тұрғын үй кешені мерзімінен бұрын тапсырылмақ
фывфыв

Есіл өзенінің жағалауында салынып жатқан тұрғын үй кешені жоспар бойынша 2020 жылдың ақпан айында тапсырылуы тиіс еді, алайда жоба командасының үйлесімді жұмысының арқасында болашақ тұрғындар пәтерлерін 2019 жылы алады.
Үй орналасқан жерімен ерекшеленеді. Өйткені жағалауда орналасқан үйлер әрдайым жоғары сұранысқа ие әрі бағасы да арзан болмайды. Мұны кез келген жылжымайтын мүлік сайтына кіріп, қарасаңыз болады.
Бүгінгі таңда бұл американдық неоклассика стилінде орындалған сәулет тұрғысынан ең әдемі жоба болып отыр. Мұнда тіпті жуынатын бөлменің де өз терезесі болады! Онда биіктігі 2,2 және ені 1,7-ден 2,2 метрге дейінгі терезелер орнатылады.
Бөлмелердегі кең көлемді терезелері де өзен жағалауына ашылатын қаланың керемет көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Жоба бойынша қарастырылған мейрамхананың да терезелері жағалауға қарайды. Коммерциялық бөлім қызметкерлері мұндай жобаға кірісуге дайын ресторатор іздестіруде.
«15, 19 және 22 қабатты блоктар заманауи фибробетон материалымен қапталады, ол экологиялық жағынан таза және түрлі ауа-райына төзімді, ‒ дейді жобаның бас инженері Дамир Ақылтаев. Пәтераралық қабырғалар керамикалық кірпіштен қаланады, сондай-ақ дыбыс өткізбейтін еден де болады.
Әрбір пәтер заманауи «Ақылды үй" жүйесімен жабдықталады: судың ағып кетуінен қорғайтын датчик, температура датчигі, түтін датчигі, жарықты басқару, қозғалыс бойынша жарықты қосу, күзет сигнализациясымен интеграциялау, қашықтықтан бақылау (смартфоннан немесе планшеттен басқару) функциялары орнатылады. Клиенттің қалауы бойынша ашылатын және жабылатын перделер сияқты қосымша опцияларға тапсырыс беруге болады. Биіктігі...6 метр болатын вестибюль ерекше назар аударады!

Үйде тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалмақ. Мысалы, спортпен шұғылдану үшін төменгі қабатта фитнес залы болады. Балалар үшін мұнда түрлі қызықтар көп! Көшедегі ойын алаңдарынан басқа, кешеннің ішінде үлкен балалар бөлмесі болады. Мұнда 160 шаршы метр алаңда жұмсақ бассейн, төбешік, BI-қамал, бор қабырғасы, тіпті скалодром бар. Кешен аумағының ланшафттық дизайнымен алматылық "Арбаттың" және Mega SilkWay аумағын көріктендірумен айналысқан Роман Шнайдерман айналысады. Мұнда көптеген ағаштар мен бұталар отырғызылады, көше шахматтары, жағалауға қарайтын терраса орнатылады.

Бір қызығы, үйдің тұсаукесеріне келгендердің арасында осы ауданда тұратын тұрғындар көп болды. Иә, адамдар бұл ауданды жақсы көреді және енді оны басқа жаққа ауыстырғысы келмейді. Неліктен? Мүмкін, бұл сұраққа жауапты сіз осында қоныс аударған кезде ғана алуға болаты шығар…

***

Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 01.11.2018 жылғы № 55 рұқсат, "Esil Park" ЖШС уәкілетті компаниясы, құрылыс салушы: "Жаға НС" ЖШС.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар