02 ФЕВРАЛЯ / 19 BI Development
2019 жылы Астанада Тәуелсіздік бойындағы жолдардың құрылысы аяқталады
фывфыв

2019 жылы Астанада Тәуелсіздік бойындағы жолдардың құрылысы аяқталады
Сонымен қатар, жақын арада осы көшедегі көпір құрылысына тендер аяқталады. Бұл оң жағалауды және Nova City тұрғын үй алабын әуежаймен байланыстырмақ. Сондай-ақ «Нұрлы Жол» вокзалы мен Ботаникалық баққа дейін жол салынады. Бұл көлік қозғалысын реттеп қана қоймай, "Арнау" тұрғын үй кешенінің құндылығын да арттырады.
- Бұрын бұл жерді қаланың шеті дейтін, енді бұл жаңа орталық болады, - деп хабарлады кешеннің 12-ші кезегін тапсыру рәсімінде BI Group холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров.
«Арнау-12» алғаш рет құрылыстың монолитті технологиясы бойынша орындалған. 95 пәтердің тек 3-і ғана қалды. Үй ауласы тек көліктерден ғана емес, бөгде адамдардан да қоршалған. Күзет орны паркингте емес, үй ауласында орналасқан.
Жоба жетекшісі, прорабтар «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшылары» болып табылады. Сондықтан құрылыстың сапасы үшін алаңдамауға болады. Бұған клиенттер еш күмәнданбайды.
Бинұр Наукенова:
- BI Group-қа біз сенеміз және бұл компаниядан бірінші пәтеріміз емес. Үйді уақытында тапсырғандарыңызға рахмет!

Сержан Ғабдоллаев:
- Үйдің орналасқан жері ұнады және бағасы сапасына сай.

- Мамыр айында көгалдандыру жұмыстарын жасаймыз. «Арнаудың» қалған блоктары салынады. Жазда компания жақын жерде Capital Park атты жаңа жобасын іске қоспақ, - деді жоба жетекшісі Виктор Подгатец.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар