30 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
Астанада құрылысшылар 222 пәтерлі үйді 10 айда салып бітірді!
фывфыв

Айта кету керек, бұл Айдан Нарымбаев командасының алғашқы рекорды емес. Бұған дейін 22 қабатты Orynbor Towers 13 айда салынған еді. Жоспар бойынша "Мәңгілік" тұрғын үй кешені ақпан айында тапсырылуы тиіс еді, алайда құрылысшылар бар күштерін салып, үйді Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тапсырды.
Үй "ЭКСПО" көрмесіне жақын орналасқан. Халықаралық көрмеден кейін аудан қарқынды түрде дами бастады: мұнда қаржы институттары мен түрлі компаниялардың кеңселері ашылуда. Үйдің артықшылықтарының бір – ыңғайлы пәтер жоспарлары. Сондай-ақ, үй аумағында жүгіруге, велосипед тебуге арналған жол бар.
Искаковтар отбасы:
- Пәтерді ақпан айында алдық, міне бүгін кілтімізді алып отырмыз. Үйдің тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Үй өте жақсы ‒ жылы, әдемі. Фасады, холл дизайны ұнады. Бұл сіздің компанияңыздан осымен екінші пәтеріміз, алдағы уақытта тек сіздерден алатын боламыз.
Арман:
‒ Бүгін отбасым үшін үш мереке. Өйткені, бүгін баламыздың туған күні. Үйдің атауы да тамаша – «Мәңгілік». Сондықтан барлық тұрғындардық бақыты да мәңгілік болсын. Рахмет BI Group!

Осы күзде, жоспарға сәйкес, үйдің екінші блогын тапсыру керек. Алайда бұл бақытты сәт мерзімінен бұрын келіп қалса, таңқалмассыз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар