24 НОЯБРЯ / 18 BI Development
Астанада BI Group клиенттерінің дәстүрлі форумы өтті
На казахском

Кездесуге 16 үйдің тұрғындары келді, олар: Orynbor Towers, «Нұра Есіл», «Қамал-4», «7Я-5», «Премьера 6», «Парижский квартал», BI City А, В және Е блоктары, «Зеленый квартал» .
Бірден бірнеше мәселе - ұялы байланыс сапасына байланысты болды. Бірақ бұл мәселе радиофобиямен байланысты. Тұрғындардың бір бөлігі денсаулық салдарынан қорқады және антенналарды демонтаждауды талап етеді.
– Біз осы мәселе бойынша Beeline-мен келіссөз жүргізудеміз. Бірақ бізге көршілеріне антенналардан зиян жоғын сендіретін тұрғындар арасында адвокаттар қажет, деді Басқарма төрағасының Инновация жөніндегі орынбасары Бағдат Мусин.
Күзде «Зеленый кварталда» көшеттер отырғызылды. Келесі жылдың көктемінде жұмыс жалғасады, дейді Luxury Consierge директоры Гүлмира Шайхистанова.
«Тұрғындар клинингке шағымданды, ал оны ауыстырғанда, енді тазалаушыларды ауыстыруды талап етті. Клинингтің жұмыс принципін бәрі білмейді. Таңертең, күніне бір рет ылғалды тазалау жүргізіледі. Ал адамдар шаңды суретке түсіреді де, тазалаушыдан еден жууды талап етеді. Бір күн ішінде оларға бірнеше жүздеген хабарламада жібереді. Айта кету керек, клиенттер өз өтінімін қосымшада, сайтта және тәулік бойы қолдау қызметінің телефоны бойынша қалдыра алады».
– Барлық мәселе басқарушы компания, жоба командасы деңгейінде шешіледі. Басшылықтың араласуы талап етілетін мәселелер іс жүзінде жоқ. Тек анда-санда тұрғындардан қызықты өтініштер түсіп жатады. Мысалы, бүгін зейнеткер үйде іссіз отыратынын айтады, ал көршілерге көмектесгісі келеді. Біздің клинингпен бірге ауланы тазалау үшін күрек сатып алуды сұрады, деді BI Group холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров.
Және, форумның жағымды сәті ұтыс ойыны. Бас жүлде - паркинг. Бірақ оны жеңіп алған тұрғынның көлігі жоқ болып шықты. - Демек сатып аламыз, - дейді жеңімпаз Ажар Рахимбекова.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар