11 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
BI Group жел электр станцияларын салуға кірісті
На казахском

Ақтөбе облысының Бадамша ауылында Wind Farm жобасы іске қосылды. Қазақстанда қуаты 50 МВт болатын ең ірі жел паркін BI Group холдингі салады. Ауқымды құрылысты Eni және GE Renewable Energy корпорациялары инвестициялайды. Қазір бос жатқан жерде 13 жел генераторы орнатылады. Жыл сайын олар өңірге сағатына 198 гигаватт электр энергиясын жеткізеді.


Мади Каргин, жоба жетекшісі:
«Негізінен, бұл - 35 кВ кабелін тарту; жаңа қосалқы станциялардың құрылысы және қолданыстағыларын жаңарту, сондай-ақ электр беру желісін-110 кВ тұрғызу. Әрбір жел генераторы үшін іргетас салу жұмысы да бар».


Құрылымдарды орнату үшін жүкті екі жүз тоннаға дейін көтере алатын әлемдегі ең ірі крандардың бірі қолданылады. Ол келесі жылы Бадамшаға жеткізіледі. Құрылыс кезеңінде 300 жұмыс орны ашылады. Олардың 60-ы BI Group қызметкерлері, қалғандары-мердігерлер мен жергілікті тұрғындар. Барлық білікті қызметкерлер, олар: жүргізушілер, электриктер, сантехниктер және монтажшылар - ауыл тұрғындары. Нысан 2019 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланды.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар