01 ИЮЛЯ / 18 BI Development
Астанада суы ең таза тұрғын үй пайдалануға берілді.
фывфыв

Астанада суы ең таза тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жексенбіде «Премьера» тұрғын үй кварталы 3-кезегінің пәтер кілттері берілді.
Дәстүр бойынша, бұл үйдің әрқайсысы өнердің бір түрін бейнелейді. Соңғы, алтыншы кешен әдебиетке арнап салынған. Шын мәнінде үй ең әдемі теңеулерге лайық. «Валик-джан у нас в Дилижане в кухне открываешь простой кран — вода течет, второе место занимает в мире». Қаладағы ең таза су осы үйде! Мұнда суды алты сатыдан өткізіп тазалайды.
- Біз суды молекулалық тазалаудан өткіземіз. Асүйде су тазартатын үшінші кран тұрады, дейді Астана EcoWater директоры Әділжан Ысқақов. Су үшін төлем шамамен 1650 теңге, бұл 19 литрлік пластикалық бөтелке судан арзан. Дегенмен, таза су бұл үйдің жалғыз артықшылығы емес.
- Кіреберісті колер бояуымен сыладық. Егер бүлінген жағдайда бүткіл қабырғаны емес, бір бөлігін бояса жеткілікті. Паркингте сұйық гранитті қолдандық, төзімді, - дейді жоба жетекшісі Кайыргельды Садыков.
Үйде жаңа шешімдер қолданылған. Мысалы, паркингте жаңадан желдеткіштер орнатқан. Гидрооқшаулауда «Бриджстоун» компаниясының паркингті ылғалдан сақтайтын материал. Пәтераралық қабырға керамикалық кірпіштен қаланған, дыбыс өткізбейді, ал еденде соққыға қарсы төсем бар. Сыртқы есіктер Қазақстанда жасалған! Осының бәрі бейнебақылаудың назарында. Тіпті бақылау күзет бөлмесін де бақылайды. Клиенттер көргендерінен риза болды.
Эльмира:
— Айтарға сөзім жоқ, бәрі ұнады!
Эдвард:
— Бұл біздің сіздің компанияңыздан екінші пәтеріміз. Үйдің өзі, ауданы да ұнады.
Бұл жолы тек пәтер кілттері берілді, ал тұсаукесері тамыз айында болады, ол кезде барлық «Премьераны» байланыстыратын серуен аллеясы тапсырылады.
Үйде сатылмаған 5 пәтер қалды, әзірге броньда.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар