04 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
Атырауда Тұңғыш Президент күнінде «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы ашылды
На казахском

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов орталықтың қызыл лентасын қиды, осылайша «Жұлдызай» МОО жұмысын ресми түрде бастады. Ашылу рәсіміне балалардың ата-аналары, BI Group қызметкерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Орталықтың көлемі 200 ш.м. Бірнеше емдік шараларды көрсетеді, соның ішінде емдік массаж, невропатологтардың бақылауымен физиоемдеу және емдік дене шынықтыру сабақтары. Сонымен қатар логопед-дефектолог, психолог, эрготерапевт және невропатолог-реабилитолог кабинеттері жұмыс істейді.

Сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге орталық мамандары күн сайын 36 балаға емдеу шараларын жүргізе алады.

«Жұлдызай» жаңа медициналық оңалту орталығы Атырау қаласы, Алмагүл ш.а., 35 үй, 3 қабатында орналасқан (№7 емхана).

Барлық балаларға тез арада сауығып, емдік-оңалтудан сәтті өтуге тілектеспіз!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар