29 ДЕКАБРЯ / 18 BI Development
BI City Seoul-де «жасыңызды ұзартатын есік» пайда болды
На казахском

Корей нанымына сәйкес, егер «Пульломун» аркасынан өтсеңіз, онда сізге тағы бір жас қосылады. Біз бұл процедураны бірнеше рет қайталадық, сондай-ақ жаңа D блогын көріп шықтық.
Жоспар бойынша үй 2019 жылдың ақпан айының соңында тапсырылуы тиіс. Бірақ жоба командасы бар күштерін салып, үйді мерзімінен бұрын Жаңа жыл қарсаңында тапсырды.
BI City Seoul - бизнес-класты үй. Пәтер төбесінің биіктігі 3 метр. Пәтераралық қабырғалар "қабырғадағы қабырға" технологиясы бойынша жасалған. 9 және 10 қабатты. Барлығы 291 пәтер. Әдемі есіктер Алматыдағы кәсіпорында жасалған. Үйдің өз күзет орны бар. Сондай үй ауласының ландшафты корей стилінде орындалған.
«Аула дизайны - оңтүстіккореялық мамандармен жобаланған. Мұнда әр мүсіннің өз мағынасы бар. Мысалы, арыстан - Сеул қаласының символы. Тырналар - Кореяның символы. Күркелер дизайнын корей мамандары жасады", - дейді жоба жетекшісі Еркін Батталов.
Арай, жаңа пәтер иесі:
‒ Өте керемет аула, әсіресе балалар үшін! Менің Аяруым алаңнан кеткісі келмейді..
Ержан анасы Азипамен:
‒ Жаңа жыл алдында үйімізді алғанымызға өте қуаныштымыз. Мен Кореяда болдым және үй ауласы ол жақтағымен дәлме-дәл ұқсайды.
Айтпақшы, D блогында үш және төрт бөлмелі пәтерлер қалды. Толығырақ біздің сату орталықтарынан білсеңіз болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар