21 ЯНВАРЯ / 19 BI Road Construction
«Астана-Павлодар» тас жолының соңғы учаскесі пайдалануға берілді
На казахском

Ақмола облысында «Астана – Ерейментау - Шідерті, 115-165 км» жол учаскесі тапсырылды. BI Road Construction компаниясы еліміздегі үлкен "Центр – Восток" көлік жолының бір бөлігі болып табылатын күрделі объектіні қайта жаңартуды өз мойнына алып, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мерзімінде тапсырды. 2014 жылы жол құрылысы басталды, ал 15-шы жылда қардың еруі жұмысқа айтарлықтай кедергі келтірді. Дегенмен арнайы орнатылған қар қорғағыш қоршаулар көмектескен еді.

Енді осы жолдың арқасында Ерейментау мен Астана арасындағы қашықтық 5 км-ге қысқарды. 45 шақырымды қайта жаңартқаннан кейін, трасса ені 3,75 м төрт жолақтан тұратын 1A санаттағы бетон жолы болды. Бұл учаскеде 31 су өткізу құбыры, 5 мал өткелі, 3 жол өтпесі, 2 көлік айырығы, 1 көпір, автобус аялдамалары, автопавильондар мен демалыс алаңдары салынды.

Осы жетістіктердің барлығы – 70 бірлік техникамен қаруланған холдингтің 300 қызметкерінің еңбегі. Құрылысшыларды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар