13 ФЕВРАЛЯ / 19 BI Construction & Engineering
BI CONSTRUCTION&ENGINEERING EXPO ПАВИЛЬОНЫН ЖАҢАРТЫП БЕРДІ
На казахском

BI CONSTRUCTION&ENGINEERING EXPO ПАВИЛЬОНЫН ЖАҢАРТЫП БЕРДІ

Енді С1.4 павильонының аумағында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының кеңсесі орналасады. Қайта жөндеу жұмыстарына дейін – павильон ауданы 3047 шаршы метр болатын, одан кейін қосымша қабат құрылысы есебінен 4461 шаршы метрге дейін өсті. Павильонның биіктігі 10 метр, сондықтан үш толық қабат, оның ішінде 4 қабаттағы екі конференц зал. «Объектінің құрылысын біз 2014 жылы бастадық, көрмеден кейін 2018 жылдың желтоқсанында аяқталған ғимаратты қайта бейімдеумен айналыстық. Барлық жабдықтар мен инженерлік желілер бөлшектеліп, қайта жасалды, ішкі әрлеу жұмыстары жаңа дизайн-жоба бойынша жүргізілді», - дейді жоба жетекшісі Ибрагим Жекеев.

1-ші қабатта: лаунж аймағы бар вестибюль тобы, қауіпсіздік қызметі, гардероб бөлмесі, кеңсе орындары, демалыс және кейтеринг аймағы, конференц-зал, келіссөздерге арналған бөлме орналасқан. Демалыс аймағы 44 орынға арналған мульти кеңістік ретінде қарастырылған және медиа қабырғамен және отырғызу жиһазымен жабдықталған. Сондай-ақ 72 орынға арналған конференц-зал, 16 адамға арналған келіссөздер бөлмесі бар.
2 және 3-ші қабаттарда орталық басшылары мен қызметкерлерінің демократиялық open space форматындағы кеңселері орналасқан. 4-ші қабатта келіссөздерге арналған бөлмелер орналасқан.

Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы 2018 жылдың көктемінде жасыл экономикаға көшу және жаңартылатын энергия қағидатын енгізу мақсатында құрылды. Орталықтың міндеті - бұл технологияларды Қазақстан экономикасы үшін барынша қолжетімді ету. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев орталықтың қызметі инвесторлардың жұмысы үшін жағдай жасауға – «жасыл инвестициялардың» қайтарымдылығы мен сақталуына кепілдік беруге, «жасыл» мәдениетті қалыптастыруға және Қазақстанда, ал кейіннен Орталық Азия елдерінде жасыл технологияларды дамыту арқылы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталғанын айтты.
Объекті бекітілген жобаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес салынған.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар