Проектілерге
Ертіс өзені бойындағы көпір өтпесі
Проект туралы

«Ертіс өзені бойындағы көпір өтпесі» - «Казахдорстрой» дивизионы жүзеге асырған күрделі инновациялық жоба. Ол Астананы Павлодар және Өскемен қалаларымен байланыстырады.
Көпірдің эстакадалық бөлігінің құрылысының ұзындығы 3243, 2 метр. Көпір өтпесінің 12 км-і Омск – Павлодар – Майқапшағай және Ақсу – Ленинский автокөлік жолдарын байланыстырады. Ертіс өзені бойындағы көпір өтпесі - Орталық Азиядағы ең ұзын көпір. Жоба бағасы – 54 млрд теңге. Объект «Нұрлы жол» республикалық көлік инфрақұрылымын дамыту ұлттық бағдарламасына қосылған.
Көпір өтпесі сол жайылма жағалауы, ескі Ертіс бойындағы арналық бөлімі, аралдың жайылма бөлімі, Ертіс бойынша арналық бөлімі, оң жайылма жағалауы – Щучье көлі мен Усолка өзені арқылы өтетін көпірге бөлінген; 4 қозғалыс жолағы бар.
Көпір тұрғызудағы заманауи шешімдерді қолдана отырып, компания құрылыстың жаңа технологиясын ұсынды. Бұл құрылыс уақытын 12 айға қысқартып, бастапқыда бекітілген бағасына сай тұрғызуға мүмкіндік берді. Осылайша қосымша шығындарды болдырмай, құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға кері әсері азайтылды.
Бұл көпір өтпесі арқылы кез келген көлік, тіпті ауыр салмақты автопоездар да өте алатыны маңызды. Жоба өңірлік экономикалық ахуалды жақсартуға, транзитті потенциалды арттыруға мүмкіндік береді.