Проектілерге
BI City Seoul тұрғын үй кешені
Проект туралы

  • Тұрғын үй класы
Бизнес
  • Орналасуы
Астана, Тұран даңғылы, 37/17 – Сығанак

BI City жобасының ұраны – «Астаналар қаласы» - жобаның әрбір үйі әлемнің белгілі бір астанасына арнап салынады. BI City-дің алғашқы астанасы - Азия мегаполисі Сеул қаласы. Жақсы көлік қол жетімділігін Сығанақ көшесі мен Тұран даңғылы қамтамасыз етеді.
BI City Seoul - Сығанақ көшесі мен Тұран даңғылының қиылысынан алыс емес, Есіл ауданының перспективалы жерінде салынып жатқан ауыспалы қабатты сегіз ғимараттан тұратын тұрғын үй кешені. BI City Seoul - BI City ірі тұрғын алабының бірінші кезегі.
BI City жобасы қаланың осы бөлігінің дамуына қуатты серпін беретін «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының артындағы ауқымды құрылысты көздейді. 126 гектар аумақта сегіз жыл бойы жалпы ауданы 1.5 млн шаршы метрден асатын тұрғын және әкімшілік ғимараттар салу жоспарлануда. BI City Астананың негізгі объектілері: Бейбітшілік және келісім сарайы, Ақорда, «Бәйтерек» және «Хан Шатыр» арқылы өтетін қаланың симметриясының басты осінің өзіндік жалғасы болады.

BI City Seoul D блогы – Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 08.06.2018 жылғы №24 рұқсат.
«Premier Palace» ЖШС уәкілетті компаниясы, құрылыс салушы «Арман кала 21 век» ЖШС.

BI City Seoul Н блогы - Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 03.07.2018 жылғы №25 рұқсат.
«Premier Palace» ЖШС уәкілетті компаниясы, құрылыс салушы «Арман кала 21 век» ЖШС.