Проектілерге
«Орталық-Шығыс» дәлізі аясында Павлодар қаласының «Батыс айналымыны»
Проект туралы

Орналасуы – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы
Ұзындығы – 27, 4 км
Төсем – Асфальт-бетонды
Категория – І-Б, ІІ
Келісім-шарттың бағасы – $65 млн
Жүргізілген жұмыс түрлері – Автомобиль жолдарының реконструкциясы, жол өтпелері мен жолайырықтарының құрылысы

BI Road Construction компаниясы сапа мен төзімділік стандарттарына жауап беретін заманауи автомобиль жолдарының желісін дамытуға белсенді атсалысады. 2015 жылы «Автодор НС» дивизионы «Орталық-Шығыс» дәлізі аясында Павлодар қаласының «Батыс айналымының» реконструкциясын жүзеге асырды.


Батыс айналым үш бөлімшеге бөлінді:
-«Қызылорда-Қарағанды-Екібастұз-Павлодар, 1367-1380 км» автомобиль жолдары;
-«Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов, 0-11 км» автомобиль жолдары;
-Ертіс өзені бойындағы көпір өтпесіне апаратын жолайырық.

1-бөлімше І-Б категориясына жатады, төрт жолақты және бөлгіш жолағы бар. 2-бөлімше ІІ категорияға жатады және 2 қозғалыс жолағы бар. Одан бөлек, 1-бөлімшеде «толық беде жапырағы» типтес жолайырық бар; 2-бөлімшеде – «труба» типтес; 3-бөлімшеде электрифицирленген темір жол бойынша өтетін жол өтпесі бар.

  • «Казавтожол» ҰК» АҚ

    Тапсырыс беруші

  • 2015

    Орындалу уақыты