Проектілерге
Green Park тұрғын үй кешені
Проект туралы

Green Park тұрғын үй кешені 4 кіреберісі бар 9 қабатты үйлерден тұрады. Тұрғын үй кешенінде 166 пәтер және жалға алу үшін 8 коммерциялық орын бар. Кешен аумағына тәулік бойы бақылау жүргізіледі, сыйымды жерасты паркингі бар. Аула алаңы бөгде адамдар үшін жабық әрі көліктерден қоршалған.

Үйдің каркасы монолитті темір бетоннан жасалған, ал үй қабырғасы газоблоктан қаланған, өте сенімді әрі өрттен қорғайды. Жабын желдетілетін керамикалық плиткалардан тұрады.

Green Park тұрғын үй кешені барлық жағынан жайлылықты қалайтындар үшін.

Кешеннің артықшылығы - үйдің екі жағынан кіретін өтпе жолдар. Бірінші қабаттарда дүкендер мен күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да орындар бар. Үйдің жанынан айналма жол өтеді, есесіне сіз уақытыңызды үнемдейсіз.

Green Park тұрғын үй кешенінің сәнді және жарқын кіреберістеріне сіз бірден ғашық боласыз! Қабырғаларда креативті безендірілген сандар бейнеленген. Барлық жерде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін кіру және шығу көрсеткіштері, тұрақ бағыты бар. Шетелде жасалған дыбыссыз лифтілер тұрғындарға сенімді түрде қызмет көрсетеді.

Үйдің жанында сіздің балаларыңызды дамыту үшін бәрі бар: білім беру лицейі, балабақша, ойын-сауық кешендері. Үлкен Green mall сауда үйі өз уақытыңызды үнемдеп, үйдің жанында барлық қажетті сатып алуды жүзеге асыру үшін құрылған.

Кешендегі пәтерлер жөндеу жұмыстары үшін дайын, үйге барлық қажетті инженерлік коммуникациялар жүргізілді және қабырғалар теп-тегіс. Тұрғындар құрылыс салушыға тапсырыс беріп, пәтерді дайын күйінде сатып ала алады немесе өз дизайн нұсқасын ұсына алады.

Green Park тұрғын үй кешенінің жайлы жабдықталған ауласы

Барлық аумақ ерекше ландшафттық дизайнмен безендірілген. Бұдан басқа, олар спортпен шұғылдануды жаңа бастаған және тәжірибелі спортшыларға арналған WorkOut жаттығу алаңы бар. Интеллектуалдар үшін үй ауласында арнайы «Шахмат алаңы» бар.