Проектілерге
Viva Plaza тұрғын үй кешені
Проект туралы

• Тұрғын үй класы
II класс (бизнес)
• Орналасуы
Астана, Сығанақ көшесі, 18/2, 18/3 – Түркістан

Viva Plaza - бұл Астана қаласының Есіл ауданында, Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан, өз бизнес орталығы мен паркингі бар ауыспалы қабатты тұрғын үй кешені.
Кешен үш қабатты бизнес орталығы бар, 9 және 17 қабатты ғимараттардан тұрады. Үйдің сыртқы қабырғалары кірпіштен қалана отырып, монолитті-каркас технологиясы бойынша тұрғызылған. Фасадты қаптауға қолданылған KeraTwin керамикалық плиткалары Германияда жасалған және ең сенімді және берік материалдардың бірі. Кірпіштен қаланған пәтераралық қабырғалар дыбыс өткізбейді және жылуды ұстайды.
Тұрғын үй кешенінде 115 екі, үш және төрт бөлмелі пәтер бар. Пәтер төбесінің биіктігі - 3 метр. Пәтерлер «Ақылды үй» жүйесімен жабдықталған, ол жарықтандыруды басқару, кондиционерлер мен радиаторлардың жұмыс режимін, крандардағы су температурасын реттеу мүмкіндігін қамтиды. Кіреберістерде бейне-домофон орнатылған.