Проектілерге
BI Town тұрғын үй кешені
Проект туралы

• Тұрғын үй класы
II класс (бизнес)
• Орналасуы
Астана, Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғылы

BI Town ‒ бұл табиғи рекреациялық аймақты құрайтын Астананың сол жағалауындағы тыныш, экологиялық таза жерде орналасқан клуб типтес жеке резиденция.
Тұрғын үй кешенінде 13 секция бар. Аз қабатты құрылыс: барлық үйлер 4-5 қабатты. Инфрақұрылымы барлық маңызды әлеуметтік объектілерге ие. Күнделікті тұрмысқа қажетті дүкендер, дәріханалар, фитнес-зал және т.б нысандар кешен аумағында орналасқан. Демалыс аймағы 3 га жерді қамтиды.
Ол теннис корты, веложол, футбол алаңы, тренажерлермен жабдықталған. Балалар үшін ойын алаңы. Тұрғындар бірігіп, күркелерде барбекю жасауына болады. Аумақта жабық паркинг және қонақтарға арналған тұрақ бар.