Проектілерге
"Времена Года" тұрғын үй кешені
Проект туралы

• Тұрғын үй класы
III класс (Комфорт)
• Орналасуы
Астана, Қабанбай батыр даңғылы,48

«Времена года» ‒ бұл сіздің әлеміңізді миллиондаған реңктермен толтыратын өмірдің төрт түсі!
«Времена года» ‒ каркасы монолитті-темір бетоннан, ал сыртқы қабырғалары - кірпіштен қаланған тоғыз қабатты тұрғын үй кешені. Қасбеті Германияда жасалған Greaton керамикалық плиткасымен қапталған. Жайлы пәтерлердің көлемдері әр түрлі: 30-дан 115 шаршы метрге дейін.
Астананың сол жағалауында, Қабанбай батыр даңғылы, Керей және Жәнібек хандар, Сауран және № 24 көшелерінің квадратында орналасқан. Кешеннің жанында «Азия Парк» СОО, медициналық кластер, «Астана Арена» стадионы, велотрек, Lexus және BMW автосалондары, Есіл ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан. Қабанбай батыр даңғылына тікелей шығу - қалаға да, әкімшілік-іскерлік орталыққа жылдам жетуге мүмкіндік береді. «Астана Арена» стадионына қарама-қарсы үлкен саябақ аймағымен шектеседі, жақын жерде көптеген әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан. Кешеннің өз паркингі бар, сондай-ақ үй аумағы балалар алаңдарын, серуендеу аймақтарын қамтиды.

Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 25.05.2018 жылғы №19 рұқсат, паркинг — үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 13.10.2017 жылғы №17 рұқсат.
«Аманат Строй» ЖШС уәкілетті компаниясы, құрылыс салушы: «Kaz industrial group» ЖШС.