Проектілерге
«Аура-1» бизнес орталығы
Проект туралы

Ғимарат құрылысы 2017 жылдың 30 желтоқсанында ресми түрде аяқталды. Бизнес-орталық 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2017 жылдың желтоқсан айына дейін салынды.
Диас Әділханов, жоба жетекшісі: «Біз 21 ай ішінде көлемі 38 мың шаршы метр ғимаратты салып бітірдік. "Аура" үш блоктан тұрады – 10 қабатты С блогы, 15 қабатты В блогы және стилобатты аймақ - D блогы - екі блокты қосатын бірінші қабат. Біз Италия, Германия, Чехияда жасалған материалдарды пайдаландық. Бұдан басқа, бұл ғимаратта А класты бизнес орталықтарына сай басқа да ерекшеліктер бар. Бұл BMS - ғимаратты басқару жүйесі, заманауи технологияларды қолдану, энергия үнемдеу және тағы басқалар.
Бизнес орталықтың кең көлемді терезелерінен ЭКСПО көрмесінің керемет көрінісі ашылады.