Проектілерге
"Зеленый квартал" тұрғын үй кешені
Проект туралы

Мегаполис орталығындағы табиғаттың бір бөлігі
  • Тұрғын үй класы (Бизнес)
II класс (Бизнес)
  • Орналасуы
Астана, Сығанақ көшесі, 3

Тұрғын үй кешені Астананың сол жағалауының қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан.
Жоба жасаушылары бұл тұрғын үй кешеніне қалалық өмір салтын және қала сыртындағы экологиялық таза атмосфераны біріктіре білді.
Жобаның сәулетшілері жасанды су айдыны мен табиғи саябақ аймағы бойында тұрғын үй кешенін орналастыру идеясын сәтті жүзеге асырды.

Кешенді салу кезінде энергия тиімді шыны пакеттер пайдаланылды. Бұл бөлмедегі жылу шығынын 2-3 есеге төмендетеді. Ішкі әрлеу кезінде минералды жылытқыштар, пенополистирол және вакуумды жылу оқшаулағыш қолданылды. Тұрғын үй нысандарын жарықтандыру құралдары да энергияны үнемдейді.

Кешеннің заманауи инженерлік шешімі, оның «Ақылды үй» жүйесі және орнатылған Silver жоғары жылдамдықты шусыз лифтілері болып табылады. Тұрғындардың жайлылығы үшін «Зеленый квартал» кешенімен интернет-қызметтердің, телефония мен теледидардың жетекші провайдерлері белсенді түрде жұмыс жасайды. 

«Зеленый квартал» тұрғын үй кешеніне үйлердің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері кең пентхаустар, оның кең көлемді терезелерінен қаланың керемет көрінісі ашылады. Әрбір қабаттағы пәтерлер бір-бірінен жоспарлануымен ерекшеленеді, әрбірінің төбе биіктігі үш метрге жуық.